Menu Close

«Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасы

Кафедрасының меңгерушісі – Несипбеков Eркін Несіпбекұлы
Доктор РhD, сениор-лектор
Тел.: 
E-mail:e.nesipbekov@atu.kz

Кафедра 2007 жылы «Туризм» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін құрылды. 2009 жылы Қазақстанда тұңғыш рет «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығына қабылдау жүргізілді. 2010 жылдан бастап жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы 7M111 – Туризм, 7M111 – Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі және 8D111 – Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі мамандығы бойынша докторантура мамандықтары бойынша жұмыс істейді. «Туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі – Плохих Роман Вячеславович, география ғылымдарының докторы, доцент.

Кафедра университеттің негізгі оқу және ғылыми бөлімдерінің бірі, «Экономика және бизнес» факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедраның негізгі мақсаты – тиісті мамандықтар бойынша бакалаврлар, магистрлер мен докторларды дайындау, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарды орындау.