Menu Close

Ғылыми-тәжірибелік қызметі

«Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасында бесінші жыл «Жас инвестор» клубы сәтті жұмыс істеп келеді, ол елімізде және әлемде болып жатқан экономикалық және қаржылық өзгерістерге терең талдау жасау мақсатымен қаржы және экономика саласындағы мамандардың кәсіби білім мен тәрбие алуын көздейді. 2017 жылдың 28 наурызы мен 17 сәуірі аралығында АТУ-нің «Жас инвестор» клубының мүшелері «Биржалық симулятор» республикалық студенттік жобасына қатысты, оның аясында студенттерге шынайы KASE сауда жүйесінің негізінде құрылған оқу-сауда жүйесінде ұйымдастырылған қазақстандық компаниялардың ең өтімді акцияларының саудасына тегін қатысуға мүмкіндік беріледі. Оған Қазақстан Республикасының 56 ЖОО-нан 1 500 студент қатысты, жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады және Global Money Week атты балалар мен жасөспірімдер арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша Дүниежүзілік апталыққа орайластырылды. Виртуалды ойынның қорытындысы бойынша клуб президенті, 3 курс УиА-15-2 тобының студенті Сейітхазин Ислам жүлделі орындардың біріне ие болды және 60 000 теңге ұтып алды, сондай-ақ «Биржалық симулятор» баннерінің фонында инстаграммдағы үздік фотосуреті үшін жеңімпаз атанды.

Қаржыгер күнін мерекелеу құрметіне Қазақ тұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетінде 2018 жылдың 30 қарашасында Ұлттық валютаның 25 жылдығына арналған «21 ғасырдың көшбасшы қаржыгері» атты VII Республикалық пәндік олимпиада болып өтті. АТУнің 5В050800 – «Есеп және аудит» және 5В050900 – «Қаржы» мамандықтарының 3 курс студенттері: Құрманғали Махаббат, Курманалин Бәйтерек, Есенбекова Арайлым, Шотбай Қазбектен құрылған топ «Сандық экономиканы дамыту жағдайындағы қаржылық технологиялар» атты жобасымен шығып және викториналық сұрақтарға сенімді түрде жауап беріп, 2 орынды иеленді. Топты «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасының оқытушылары: доцент м.а. Сартова Р.Б. және доцент Масанова Л.Е. дайындады.

2017–2018 оқу жылында кафедра қызметкерлері 92 ғылыми еңбек жариялады, соның ішінде: 3 оқу құралы; 1 монография, барлығы 63 мақала, оның ішінде 9 – Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы Қадағалау комитетімен ұсынылған журналдарда; 4 – импакт-факторы бар мақала (Scopus); 29 – басқа басылымдарда. Ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтарында барлығы 24 баяндама жарияланды, оның ішінде 21 баяндама студенттермен және магистранттармен бірге орындалды. 2017–2018 оқу жылында келесі монографиялар мен оқу құралдары жарық көрді:
ҒЗЖ элементтері бар, «Project-Expert», «Audit-Expert» компьютерлік бағдарламаларын қолдану арқылы орындалған дипломдық жұмыстар саны өсті. 2017–2018 оқу жылында студенттердің ұсыныстары кәсіпорындардың басшылығымен есепке алынып, өндіріске енгізілді: 5В050900 «Қаржы» мамандығы бойынша – 5 кәсіпорын және 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша – 7 кәсіпорын. Дипломалды тәжірибенің және бітіруші біліктілік жұмысын орындаудың нәтижелері бойынша 4 курс студенті Сүлейменова Мадина «Эллис» ЖШС-нің жұмыс берушісімен марапатталды және осы ЖШС-де бухгалтердің көмекшісі ретінде жұмысқа орналасты. Тәжірибелік құнды ұсыныстарды қамтитын зерттеу тақырыбы жан-жақты және терең талданған ерекше өзекті тақырыптарға орындалған дипломдық жұмыстар да бар. Бұл өндіріске енгізу актілері бар келесі дипломдық жұмыстар: