Menu Close

Олимпиада Нархоз

АҚ «Нархоз» университетінде 2-5 наурыз аралығында «Жастар ғылымының апталағы – 2020» халықаралық жастар форум өтті. 3 наурыз күні  АҚ «Нархоз» университетінде ұйымдастырылған  «Кәсіпорын экономикасы» пәнінен Республикалық  студенттік пәндік олимпиадасына  Алматы технологиялық университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасынан «Болашақ» командасы (Жантеліұлы З., Хасенова А., Оразова Г.)  қатысты. Команда өздерінің білімділігі мен тапқырлығын көрсетіп, жүлделі  3 дәрежелі дипломмен және «Жеңіске деген жігерлік» номинациясымен марапатталды. «Болашақ» командасының ғылыми жетекшісі «Экономика және менеджмент» кафедрасының сениор-лекторы, э.ғ.к. С.Болатқызы Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға студенттерді кәсіби деңгейде дайындағаны үшін «Алғыс хат»  алып, жеңіспен келді.

«Экономика және менеджмент» кафедрасы