Menu Close

«Экономика және менеджмент» кафедрасына арналған іс-шара

31 қазан күні 2019 жылы «Экономика және менеджмент» кафедрасының «Экономика», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілігкті басқару» мамандықтарының 1 курс студенттеріне арналған «Кафедра күні» мерекесі және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аталып өтті. Бұл аталмыш іс-шараға 1-курс студенттері мен кафедра оқытушылары ат салысты.

«Экономика және менеджмент» кафедрасы 1972 жылы қалыптасқан, қазіргі таңда университеттің алдыңғы қатардағы кафедраның бірі болып саналады.. Кафедрада жоғары деңгейдегі маман иелері, экономика ғылымының докторлары, кандидаттары, бизнес және мемлекеттік ұйымнан оқу үрдісіне тартылған қызметкерлер мен мамндар жүмыс істейді.

Осы 47 жыл аралығында 6000-нан астам түлектер шығарылды, олар қазіргі таңда отандық, шетелдік компанияларда, мемлекет ұйымдарында жоары деңгейдегі білікті маман иелері болып жүмыс істейді.

Кафедра күні мерекесінің негізгі мақсаты жаңадан жоғары оқу орнына түскен студенттерді мамандырылған кафедраның профессорлық оқытушылар құрамымен, кафедраның негізгі қызмет бағыттарымен таныстыру және студенттерге университетте білім алумен қатар ғылыммен, шетел тілін үйренумен, спортпен және тағы да басқа жұмыстармен айналысу керектігі айтылды.

«Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Гүлнара Кәрімқызы Жолдасбаева жылы лебізін білдіріп, 1 курс студенттеріне талай-талай асулардан асып, белестерді бағындаруына тілектес екенін білдірді.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған жылының 175 жылдығына байланысты, мереке оның әсем әнімен ашылып, қара сөздеріне жарыс өткізіліп, студенттердің бойына жақсы қасиеттер сіңіретін, ақыл үйрететін жақсы көріністер көрсетілді.. Оның ішінде жоғары курс студенттері би мен ән, домбыра мен скрипка аспабында ойнау, КВН және тағы да басқа өнерлерін көрсетті. Жалпы мереке жоғары деңгейде өтіп, студенттердің жадында сақталатындай тәрбиелік мәні бар іс-шара деп есептеуге болады.

ЭжМ кафедрасының меңгерушісі Джолдасбаева Г.К., лектор Оспанова А.О. ( іс-шараны үйымдастырушы)