Menu Close

Семинар

Алматы технологиялық университеті мен Қазақстан қор биржасы (KASE) арасында жасалған меморандум аясында 2018 жылғы 21 ақпан мен 16 наурыз аралығында «Бағалы қағаздар нарығында қалай сауда жасау керек» тақырыбында «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен «Қаржы» мамандығының студенттері үшін оқыту семинары өтті.

Осы іс-шара аясында KASE мамандары аудиторияға қор нарығының инфрақұрылымы мен негізгі элементтері, Қазақстанның қор нарығындағы KASE рөлі туралы айтып берді. Сондай-ақ, биржаның жаңа сайтында ақпаратты қалай пайдалану керектігі түсіндірілді. Брокерлік компаниялардың өкілдері тыңдаушыларды бағалы қағаздардың негізгі түрлері, брокерлік компаниялардың қызметі, бастапқы және қайталама нарық ұғымдары туралы хабардар етті, бағалы қағаздарды сатып алудың орындылығы мен әділ бағасын қалай анықтау, сондай-ақ қор нарығында ақша табу туралы тәжірибелерімен бөлісті.